10 Желт 2020
Страницы Қарасу НМ

Мекеме басшылары

Асылбаев Базарбай  1950 жылдың 10ыншы қаңтарында дүниеге келген. 1957-1961 жылы Қарасу бастауыш мектебін бітірген.1961-1965 жылы Амангелді 8 жылдық мектебінде.1965-1967 жылдары  Н.Крупская атындағы орта мектепті бітірген. 1968-1972 жылдары Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтап 1972-1991 жылға Құрман орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет етті.1991-2009 жылдары Қарасу негізгі  мектебі директоры қызмет атқарды.2009-2013 жылдары Жақсыбайкөл мектебі директоры болды.
Асылбаев Ерлан Базарбайұлы 1975 жылы 26 қазанда Құрман кеңшарында дүниеге келген.Құрман орта мектебін 1992 жылы бітірген.1992 жылдың 1 қыркүйегінде Қарасу орталау мектебіне жұмысқа қабылданады. 1994-1999 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша аяқтаған. 2009-2013 жылдары Қарасу негізгі мектебі директоры қызметін атқарды. 2013-2015  жылдары Құрман орта мектебін басқарса, 2015 жылдан бастап Амангелді орта мектебінде  директор қызметінде.
Сүндетов Жайлау Жолдығалиұлы 1971 жылдың 17 ақпанында Амангелді ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Амангелді орта мектебіне технология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2000-2005 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін  технология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. 2007-2013 жылдары  Амангелді орта мектебінде директоры. 2013-2014 жылдары Қарасу негізгі мектебінде директор қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда Амангелді орта мектебінде  АӘД пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда.
Смайлова Айнагул Валерьевна 1975 жылы 14 қаңтарда Алға ауданында дүниеге келген. 2000-2005 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін  технология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. 2001-2014 жылдары Қарасу негізгі мектебінде технология пәнінің мұғалім болып қызмет атқарды.2014-2016 жылдары Қарасу негізгі мектебінінің директоры. Қазіргі таңда директордың оқу ісі жөнінідегі орынбасары қызмет атқаруда.
Наубетов Мұрат Саматұлы 1991 жылдың 6 тамызында  Ойыл ауданы Көптоғай ауылында дүниеге келген.1998-2009 жылдары Құрман орта мектебін аяқтаған.2009-2013 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша аяқтаған. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Амангелді орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет еткен. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарасу негізгі мектебі директоры қызметін атқаруда.
Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар